Қазақстандық жұп Федерер мен Вавринканы жеңді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық жұп Федерер мен Вавринканы жеңді

Жаңа ғана Швейцарияның Женева қаласында аяқталған «Дэвис кубогының» ширек финал ойындарының жұптық кездесуінде бақ сынаған қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов әлемнің үздік ракеткалары Роджер Федерер мен Станислав Вавринканы тізе бүктіріп, жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасын алға шығарды. 

БӨЛІСУ

Жұптасып өнер көрсетуден ел намысын қорғаған теннисшілер Швейцарияның әлем таныған теннисшілерінен қаймықпай ойнады. Алғашқы сетте корт қожайындарын 6:4 есебімен жеңіп шықты. Екінші сет тай-брейкке созылып, онда да жерлестіріміз 7:5 есебімен басымдық танытты. Намысқа тырысқан швейцариялық теннисшілер үшінші сетті 6:4 нәтижесімен өз пайдасына шешті. Ал нағыз тартысты ойын төртінші сетте орын алды. Бұл сын да тай-брейкке дейін созылып, жерлестірімз 8:6 есебімен жеңіс тойын тойлады. Алғаш рет жұптасып өнер көрсетіп отырған Андрей Голубев пен Александр Недовесов спорттық мансабындағы ең жарқын жеңістерінің біріне жетті десек болады.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Андрей Голубев әлемнің үшінші ракеткасы Станислав Вавринканы жеңсе, Михаил Кукушкин Роджер Федерерден айласын асыра алмаған еді. Бүгінгі жұптық кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1:2 есебімен алға шықты.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz