Қазақстандық жеңіл атлет Полина Иванова Thailand Open Track & Field 2019 халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды ҚР ҰОК.
БӨЛІСУ
Полина Иванова сырықпен секіруден 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында топ жарды. Ол 3.70 метрді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.
Айта кетелік, бұған дейін Мария Овчинникова (үш қарғып секіру) мен Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) аталған турнирде алтын медаль иеленген болатын.