Қазақстандық жеңіл атлет 4 жылға спорттан шеттетілді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық жеңіл атлет 4 жылға спорттан шеттетілді
Фото ©️ vesti.kz

Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы (IAAF) қазақстандық спортшы Анастасия Сопронованы 4 жыл көлемінде жарыстарға қатысуына тыйым салды. Бұл туралы «Daily Journal»-ға сілтеме жасап, vesti.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Спортшының қаңтар айында өткен Қазақстан чемпионатындағы сынамасы сәтсіз шыққан. Әзірге Анастасияның қанынан тыйым салынған қандай дәрілік препараттың табылғаны айтылған жоқ.

Айта кетейік, ол бір ай бұрын 60 метрге бөгеулер арқылы жүгіру бойынша жабық кешендегі Азия чемпионатында алтын медаль иеленген болатын.

2012 жылы ұлттық құрама сапында Лондон Олимпиадасына қатысқан.