Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Латвияның Айзкраукле қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF J100 турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
16 жастағы отандасымыз финалда Нидерланд теннисшісі, рейтингіде 165-орында тұрған Хайде Шонмаркспен кездесті.
Заңғар қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен ұтып шықты. Өткен жылы Заңғар осы жарыста финалға дейін жеткен еді.
Бұл - қазақстандық теннисшінің спорттық жолындағы ITF Juniors додаларындағы бесінші, биылғы үшінші титулы. Қазір жасөспірімдер арасындағы рейтингте 77-орында тұр.