Қазақстандық жас шахматшылар Елназ Қалиахмет пен Даниял Сәпенов Словенияда өткен жасөспірімдер арасындағы (14-18 жас арасы) әлем чемпионатында блицтен жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
Әлем чемпионатына 36 елден 320-дан астам жас шахматшы қатысты. Олардың қатарында 1 гроссмейстер, 4 халықаралық шебер, 54 FIDE шебері болды. Қазақстан атынан қатысқан шахматшылар 22 турлық швейцариялық жүйедегі блиц форматында (3+2) сәтті өнер көрсетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ҚР шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, отандастарымыз 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі.
🏅 Елназ Қалиахмет (G14) - 16 ұпай.
🏅 Даниял Сәпенов (O16) - 16½ ұпай.
🥈 Амина Қайырбекова (G18) - 16 ұпай.
🥉 Мирас Асылов (O16) - 16 ұпай.