Қазақстандық жас дзюдошылар әлем чемпионатына қатысады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық жас дзюдошылар әлем чемпионатына қатысады
Фото ©️ IJF

17-21 қазан күндері Багам аралдарының астанасы Нассауда дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Төрткүл дүниенің кіл талантты жас спортшылары бақ сынайтын додаға Қазақстан құрамасы да қатысады.

БӨЛІСУ

Нассаудағы бәсекеге 79 елден 492 спортшы келеді деп күтілуде. Соның ішінде Қазақстан жастар құрама командасынан 18 татами шебері ел намысын қорғайтын болады.

Ерлер:

Дамир Болатбеков (-55 кг)
Бауыржан Нарбаев (-60 кг)
Арслан Есенгел (-60 кг)
Сұңғат Жұбатқан (-66 кг)
Бақытжан Абдурахманов (-66 кг)
Аңсарбек Ғайнуллин (-73 кг)
Жанболат Бағбергенов (-73 кг)
Ерасыл Болат (-90 кг)
Дінахмет Рыссымбек (-90 кг)
Санжар Жабборов (+100 кг)

Қыздар:

Ғалия Тынбаева (-48 кг)
Ақмарал Науатбек (-48 кг)
Меруерт Сәрсенова (-52 кг)
Жадыра Әміртаева (-52 кг)
Аида Карчаева (-57 кг)
Мөлдір Нарынова (-70 кг)
Назерке Тілеуханова (-78 кг)
Камила Берліқаш (+78 кг)

Айта кетейік, ересектер арасындағы әлем чемпионаты қыркүйек айында Әзірбайжан елінің астанасы Бакуде өткен болатын. Ерлер арасында Ерлан Серікжанов күміс медаль алса, қыздар арасында Галбадрах Отгонцэцэг қола жүлдеге қол жеткізген еді.