Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қатар елінің астанасы Дохада өткен жарыста отандастарымыз жоғары нәтижеге қол жеткізді, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы командалық есепте бірінші орын алды. Ұлдар мен қыздар арасындағы жүлделерді қоса алғанда отандастарымыз 12 алтын, 9 күміс, 12 қола медаль еншіледі. Жалпы саны 33 жүлдеге ие болды.
Үздік үштікке Қазақстаннан кейін Өзбекстан мен Вьетнам елінің спортшылары орналасты.
Айта кетейік, бұған дейін Денис Полубяринов пен Алексей Чуркиннің алтын алғаны жайлы жазған едік.