Қазақстандық жас ауыр атлет әлем чемпионы атанды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Қазақстандық жас ауыр атлет әлем чемпионы атанды
Фото ©️ vesti.kz

17 жастағы қазақстандық ауыр атлет Рахат Бекболат жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Отандасымыз Джиддада өтіп жатқан жарыста алдына жан салмады.

БӨЛІСУ

Рахат Бекболат өзі бақ сынайтын 102 килоға дейінгі салмақта үздік шықты. Қос жаттығу нәтижесі бойынша 355 килоны (155+200) еңсерді. Екінші орын алған түрік ауыр атлеті Танер Чаглардан 18 кило артық көтерді. Қола жүлдені Ирак елінен келген Аммар Әли (149+185) иеленді.

Қазақстандық спортшы биыл мамырда Ташкентте жастар арасында әлем чемпионы болған. Ол кезде 377 кило (175+202)  көтерген еді. Рахатта енді жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем біріншілігінің алтыны бар.