Қазақстандық инвестор сатып алғысы келген «Марсель» клубы сатылымға шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық инвестор сатып алғысы келген «Марсель» клубы сатылымға шықты
Фото ©️ footyheadlines.com

Францияның «Олимпик Марсель» футбол клубы сатылымға шығарылды. Бастапқы құны 100 миллион евроға бағаланып отыр. Сондай-ақ сатып алушы клубтың қаржылық жағдайын реттеу үшін тағы да 100 миллион евро шығындауы тиіс екен.

БӨЛІСУ

«Марсель» клубы бірнеше жылдан бері қаржылық дағдарысқа ұшырап келеді. Артық шығынға ұшыраған клуб иегері Маргарита Луи-Дрейфус клубты сатқанын жөн деп шешіпті. Осыған дейін бұл клубты сатып алуға Қазақстан, Қытай және Кувейт елдерінен сатып алуға ниет танытқандар болғаны туралы хабарланған еді.  

Клуб Франция чемпионатының ХХІІ тур ойындарынан кейін турнир кестесінде 8-орында тұр. Көш басындағы Париждің «ПСЖ» клубынан 30 ұпайға қалып қойған.