Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарын жарқын жеңіспен бастады. Топтағы бірінші ойында Гонконг құрамасын 12:0 есебімен ұтып шықты, - деп хабарлайды massaget.kz.
Азия ойындарын қазақстандық хоккейші қыздар алғаш болып бастады. Ал жарыстың ресми ашылу салтанаты 7 ақпан күні өтеді.
Келесі ойынын ертең Астана уақытымен сағат 16:30-да Таиландқа қарсы өткізеді.
Гонконг - Қазақстан 0:12 (0:4, 0:5, 0:3)
0:1 - 8:31 - М. Саяхатқызы (Д. Саяхатқызы, Воронова)
0:2 - 11:21 - Д. Саяхатқызы (Воронова, Зубкова)
0:3 - 13:27 - Свиридова (Пяткова, Алдабергенова)
0:4 - 18:39 - Д. Саяхатқызы (Әшімова, Свиридова)
0:5 - 20:35 - Тұрсынова (Шегай)
0:6 - 24:43 - Оразбаева (Молдабай, Филимонова)
0:7 - 26:22 - Д. Саяхатқызы (буторина, зубкова)
0:8 - 38:19 - Зубкова (Олжабаева, Әшімова)
0:9 - 38:28 - М. Саяхатқызы (Буторина, Воронова)
0:10 - 50:15 - Молдабай (Тұрсынова, Филимонова)
0:11 - 56:29 - М. Саяхатқызы (Свиридова, Алдабергенова)
0:12 - 58:15 - Куценко (Королева, Воронова)
Қақпашылар: Мок - Щеколова
Шайбалы хоккейден бәсеке 14 ақпан күні мәресіне жетеді.