Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Ресейдің ЦСКА командасының сапына қосылды. Бұл туралы клуб ресми хабарлады.
22 жастағы футболшы мәскеулік командада медициналық тексерістен сәтті өтіп, 2024/25 маусымның соңына дейін келісімшартқа отырды.
Өткен маусымды Бахтиер Зайнутдинов "Ростов" командасының сапында өткізген. 35 матчқа қатысып, төрт гол мен екі нәтижелі пастың авторы атанды.
Бахтиер Зайнутдинов - Жамбыл футбол мектебінің түлегі. 2014-2016 жылдар аралығында "Тараздың" жастар құрамында ойнаған. Ел премьер-лигасына 2017 жылдың наурыз айынан бастап қатыса бастады. "Тараз" сапында 27 ойынға қатысып, 7 гол соқты.
Футболшы 2018 жылы "Астанаға" ауысты. Елордалық клуб сапында ел чемпионы атанды. 27 ойында 5 гол соқты. Ұлттық құрамаға шақырту алып, Ұлттар лигасында 6 ойынға шықты, 1 гол соқты.