Қазақстандық футболшы: “10 миллион теңге айлық алып көрген жоқпын“

Дина Ибраева Корреспондент
Дина Ибраева>
Қазақстандық футболшы: “10 миллион теңге айлық алып көрген жоқпын“
Фото ©️ kazfootball.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы мен "Ақтөбе" клубының қорғаушысы Бағдат Қайыров қанша айлық алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

БӨЛІСУ

Футболшы Нұрсұлтан Құрманның подкасында келіп сұхбат берген. Алайда нақты айлығын айта алмайтынын айтты.

"Айына 10 миллион теңге айлық алып көрген жоқпын. Айлық негізінен ойыншының әлеуетіне қарап берілетін шығар. Егер ол жас, бірақ оны шетелге сатып, пайда көруге болатын болса, ол да ескеріледі. Кейбір ойыншылардың тәжірибесіне қарайды", - деді ол.

"Сенің айлығың 5 миллион теңгеге де жетпей ме?" деп нақтылағанда, футболшы: "Жоқ, ондай айлық алмаймын" деп жауап берді.

Еске салайық, Бағдат Қайыров ұлттық құрама сапында 17 матч өткізіп, бірақ Норвегия мен Словения құрамаларына қарсы кездесулерге шақыртылған жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!