Қазақстандық екі жас балуан әлем чемпионатының финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық екі жас балуан әлем чемпионатының финалына шықты
Фото ©️ olympic.kz

Иордания елінің астанасы Амманда күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні екі балуанымыз финалға шықты. 

БӨЛІСУ

Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің шеберлері бақ сынады. 55 кило салмақта Алпамыс Болатұлы финалға жолдама алды. Іріктеуде ол Жапония, Иран және Армения балуандарын ірі есеппен жеңді. Алпамыстың финалдағы қарсыласы - америкалық  Джейден Скотт Рэйни. 

80 килоға дейінгі салмақта Еркебұлан Анапия да әлем чемпионатының финалында белдеседі. Ол жартылай финалда әзербайжандық балуаннан басым түсті. Анапияның финалдағы қарсыласы - нейтралды ту астында өнер көрсететін Михаил Шкарин. 

Сондай-ақ 48 килода Едіге Төлеутаев қола медальға күреседі. Ол жартылай финалда ирандық балуанға жол берген еді.