Қазақстандық дзюдошылар Будапешттегі «Гран-При» додасын сәтті бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық дзюдошылар Будапешттегі «Гран-При» додасын сәтті бастады
Фото ©️ massaget.kz

Бүгін Венгрия астанасы Будапештте дзюдодан «Гран-При» додасы басталды. Қазақстандық татами шеберлері жарыстың бірінші күні сәтті өнер көрсетіп, 2 алтын 1 күміс жүлде еншіледі.

БӨЛІСУ

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта финалға Елдос Сметов пен Айбек Имашев шықты. Нәтижесінде чемпиондық атақты өзара сарапқа салды. Елдос чемпион атанса, Айбек күмісті қанағат тұтты. Ал 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жансай Смағұлов барлық қарсыластарын жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Венгриядағы Гран-При додасы ертең мәресіне жетеді. Ерлер арасында 81, 90, -100 және 100 келіден жоғары салмақтағы жеңімпаздар анықталса, әйелдер бәсекесінде 70, -78 және 78 келіден жоғары салмақтағы дзюдошылар татамиге шығады. Бұл салмақтарда қазақстандық спортшылар да бар.