Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Тунисте өтіп жатқан халықаралық Гран-При турнирінде жеңімпаз атанды. Отандасымыз финалда Косово елінің дзюдошысы Акил Кгожаковты иппонмен жеңді.
БӨЛІСУ
73 кг-ға дейінгі салмақта белдесетін Жансай жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды салды. Ол алғашқы белдесуінде ресейлік Георгий Шмаковты, ширек финалда француз Акус Бенджаминді, жартылай финалда ирандық Мұхамед Мұхамедиді жеңіп шықты. Финалда косоволық спортшыдан айқын айласын асыра білді.
Айта кетейік, Тунистегі Гран-При турнирінің бірінші күнінде Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) пен Ерлан Серікжанов (66 кг) қола жүлдегер атанған еді.