Қазақстандық дзюдошы қыз әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық дзюдошы қыз әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді

Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Ғалия Тынбаева IJF рейтингінде екі сатыға жоғарылады. Бұл туралы ҚР ҰОК хабарлады. 

БӨЛІСУ

48 келі салмақта белдесетін Ғалия 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Отандасымыздың еншісінде 3779 ұпай бар. 

Ғалия Тынбаева жуырда ғана Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген болатын. Ал мамыр айында Астанада өткен Grand Slam додасында алғаш рет топ жарды. 

Айта кетейік, бұл салмақта қазақстандық тағы бір дзюдошымыз Абиба Әбужақынова бар. Ол 4-орында келеді.