Қазақстандық дзюдошы әскерилер арасында әлем чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық дзюдошы әскерилер арасында әлем чемпионы атанды
Фото ©️ IJF

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Ташкентте өтіп жатқан әскерилер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

60 келіге дейінгі салмақтың финалында қазақ дзюдошылары кездесті. Нұрқанат отандасы Шерзод Давлатовтан басым түсті. Екеуара белдесу өте тартысты өтті. Негізгі уақытта тең түскен қос дзюдошы жеңімпазды шешуші уақытта айқындады. Осылайша, 60 келіде қос қазақстандық дзюдошы алтын мен күміс жүлдені өзара бөліп алды.

Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев - 60 келі салмақта белдесетін Қазақстан құрамасындағы белді дзюдошылардың бірі. Париж Олимпиадасына ел ішіндегі іріктеу белдесуінде Елдос Сметовке жол беріп, қатыса алмаған болатын.