Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды
Фото ©️ IJF

Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды msports.kz сайты.

БӨЛІСУ

60 келі салмақта бақ сынайтын отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде әзербайжандық Низам Имрановтан басым түсті. Ал оған дейін жұбаныш белдесуде италиялық Винченцо Манферлоттиді таза жеңген еді.

Талғат Орынбасар өзі қатысқан соңғы үш жылдағы әлем чемпионатының үшеуінде де қола жүлдеге қол жеткізді. Бұған дейін ол 2022 жылы жасөспірімдер арасында, 2023 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Аталған салмақ дәрежесінде жапониялық Ямато Фукуда жеңімпаз атанды. Тәжікстандық Лойқ Кудбудинов күміске, Талғат Орынбасар мен өзбекстандық Муродил Муродиллаев қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. 7 қазанға дейін жалғасатын әлем чемпионатына 67 елден 531 жас татами шебері қатысып жатыр.