Қазақстандық бірінші боксшы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Қазақстандық бірінші боксшы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Боксшы Серік Теміржанов Белградта басталған әлем чемпионатының 1/16 финалына шықты. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде Азия чемпионы Энкх-Амара Хархууды жарыс жолынан шығарды.

БӨЛІСУ

57 килоға дейінгі салмақта моңғол боксшысына қарсы сәтті жұдырықтасқан Серік айқын жеңіске жетті. Төрешілер бірауыздан отандасымызды жеңімпаз деп таныды.

23 жастағы қазақстандық боксшы келесі кезеңде жапон Рейто Цуцумимен жұдырықтасады. Күншығыс елінің спортшысы 2019 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған.