Қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі тағы өтпей қалды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі тағы өтпей қалды
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық боксшы Арман Рысбектің кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі тағы өтпей қалды. Отандасымыздың осыған дейін де бір кездесуі болмай қалған еді.

БӨЛІСУ

Орландода өткен бокс кешінде Арман америкалық боксшы Хаким Аткинсонмен жұдырықтасуы тиіс болған еді. Алайда қарсыласы жекпе-жекке келмеген.

26 жастағы боксшы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) өткен маусымында "Astana Arlans" клубы сапында шаршы алаңға шығып, ел намысын қорғаған. Жалпы елордалық клуб сапында ол жеті кездесу өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жеткен.