Қазақстандық боксшылар жекпе-жекке шықпай-ақ 6 медаль жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық боксшылар жекпе-жекке шықпай-ақ 6 медаль жеңіп алды
Фото ©️ olympic.kz

Бүгін бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыласы анықталып, кімнің қай кезеңнен жарысты бастайтын белгілі болды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.  

БӨЛІСУ

Ерлер арасында Айбек Оралбай мен Бекзад Нұрдәулетов Азия чемпионатын жартылай финалдан бастайды. Демек екі боксшы да кемі қола жүлдегерлер қатарында.

🥊 Ұлттық құрама капитаны бақ сынайтын 92 келіден жоғары салмақта 5 боксшы ғана қатысады. Айбек жартылай финалда жастар арасындағы әлем чемпионы атағына ие өзбек боксшысы Жахонгир Закировпен жұдырықтасады.

🥊 86 келі салмақта да 5 боксшы қатысады. Ұлттық құрамаға оралған Бекзад 1/2 финалда украиналық Данило Жасанмен жұдырықтасады.

Әйелдер арасында Гүлсая Ержан, Диана Магауияева, Наталья Богданова мен Елдана Тәліпова жүлделі орынға ілігіп тұр.