Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) қазақстандық спортшы Дамир Тойбайды екі жылға жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
Спортшыны шеттетуге себеп – антидопингтік ережелерді бұзуы. Халықаралық допингке тестілеу агенттігінің (ITA) есебіне сәйкес, Тойбай өзінің орналасқан жері туралы міндетті ақпаратты ұсынбаған, бұл антидопингтік ережелерді қатаң бұзу болып саналады.
IBA боксшыны 2026 жылдың 5 маусымына дейін спорттан шеттету туралы шешім шығарды.
Дамир Тойбай 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алған, ал 2019 жылы жастар арасындағы Азия чемпионы атанған еді.