Қазақстандық боксшы қыз Азия чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық боксшы қыз Азия чемпионы атанды
Фото ©️ kfb.kz

Қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова Қытайдың Уланчеб өңірінде өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды. Нәтижесінде екінші рет «сары құрлықтың» чемпионы атанып отыр.

БӨЛІСУ

75 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз финалда қытайлық Ли Кюаньды ұтты. Қарсыласына еш мүмкіндік бермеген Дариғаны төрешілердің барлығы жеңімпаз ретінде таныды. 3:0 нәтижесімен аяқталған жекпе-жекте отандасымыз екінші рет Азия чемпионатының биігін бағындырып отыр. Дариға 2010 жылы 69 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, чемпион атанған болатын.

Айта кетейік, Уланчебтегі доданың жартылай финалына 4 боксшы аруымыз шыққан еді. Алайда жартылай финалда сүрінген Гаухар Ермекбай (69 келіге дейні), Мөлдір Базарбаева (81 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтқан-ды.