Қазақстандық боксшы Канеломен бір кеште жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық боксшы Канеломен бір кеште жұдырықтасады
Фото ©️ ©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (11-0, 9 КО) келесі жекпе-жегін 14 қыркүйек күні өткізетін болды. Ол Сауль Канело Альварес жекпе-жекке шығатын бокс кешінде жұдырықтасады, – деп хабарлайды msports.kz тілшісі. 

БӨЛІСУ

Бекке 32 жастағы америкалық Джошуа Конли (17-6-1, 11 КО) қарсылас атанды. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған және екінші жартылай орта салмақ дәрежесінде өтеді.

Джошуа Конли 2011 жылдан бері кәсіпқой бокс шаршы алаңында 24 айқас өткізген. Оның 17-сінде жеңіске жетсе, 11-інде уақытынан бұрын ұтып шыққан.

Бек Нұрмағанбет бір жыл бұрын шаршы алаңға шыққан. Ол кезде нигериялық Абимболо Осундайроны (6-1, 4 КО) жеңген болатын. Әуесқой бокста 2019 жылы Азия чемпионы болған. 

Бокс кеші 14 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде өтеді. Басты жекпе-жек мексикалық Сауль Альварес (61-2-2, 39 КО) пен пуэрторикалық Эдгар Верлангамен (22-0, 17 КО) қолғап түйістіреді.