
Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын кәсіпқой боксшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) 27 желтоқсанда шаршы алаңға шықпайтын болды. Отандасымыз жаттығу кезінде жарақат алып қалды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ

Иван Дычко ертең Алматыда өтетін бокс кешінде ресейлік Виталий Кудуховпен жұдырықтасуы керек болған. Алайда бүгін жаттығу кезінде иығынан жарақат алып қалғаны белгілі болды.
Ұйымдастырушылар бұл жекпе-жектің кейінге шегерілгенін жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Дычко кейінгі айқасын тамыз айында АҚШ-та өткізіп, жергілікті боксшы Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) нокаутқа түсірген болатын. Ал әуесқой бокста Иван Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанған өзбек Баходир Жалоловты төрт рет жеңген қазақстандық жалғыз боксшы.