Қазақстандық боксшы Арман Рысбек кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.
БӨЛІСУ
Бокс кеші Аргентинада өтті. Рысбектің қарсыласы жергілікті боксшы Виктор Леонардо Лот болды. Қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 27 жастағы боксшы бұған дейін "Астана Арланс" командасында болды және оның құрамында жүріп, өткен жылы WSB жеңімпазы атанды.
Еске сала кетейік, Арман Рысбек биыл ақпанда кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, америкалық боксшыны бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.