Қазақстандық биотлоншы Галина Вишневская 10 шақырымға із қуу жарысында 20-орын алды. Бұл сында неміс қызы Лаура Дальмайер топ жарды.
Жарыс жолына Қазақстаннан екі спортшы шықты. Ату кезінде Галина бір рет қана қателескенмен, уақыт көрсеткіші 33:05,9 минутқа тең келіп, 20-орынға тұрақтады. Ал сегіз рет қателескен Дарья Климина 57-орын алды.
Бұл сында бірінші орында неміс қызы Лаура Дальмайер алды. Ол жарыс жолында бір рет ғана қателесіп, 30:35.3 минут уақытымен мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орынға словакиялық Анастасия Кузмина жайғасты. Ол нысана көздеуде төрт рет қателесіп, Лаура Дальмайерден 29.4 секундқа қалып қойды.
Үздік үштікті италиялық биатлоншы Анайс Бескон түйіндеді. Ол бар болғаны бір рет қателесіп, неміс қызынан 29.6 секундқа қалып қойды.
Айта кетейік, Лаура Дальмайер Пхенчандағы Олимпиадағы ойындарындағы екінші алтын жүлдесіп жеңіп алды. Бұған дейін ол 7,5 шақырымға спринтте топ жарған болатын. Олимпиада алдында Gracenote сараптамалық агенттігі неміс биатлоншысы 5 алтын алады деп болжаған еді.