Күрес түрлерінен Ереванда өтіп жатқан әскерилер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны 2 алтын медальмен толықты, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
🥇 Грек-рим күресінен 130 келіге дейінгі салмақта Әлімхан Сыздықов чемпион атанды. Ол финалда ирандық балуан Мехди Калантариді 5:1 есебімен жеңіп шықты.
🥇 Екінші алтынды еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Камил Куруглиев жеңіп алды. Ол да финалда Иран елінің спортшысынан айласын асырды.
Айта кетейік, кеше еркін күрестен 70 келіге дейінгі салмақта Мейіржан Әшіров чемпион болған еді.
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 қола медаль бар.