Қазақстандық триатлоншылар Эльфира Дудник, Елена Кун, Мадина Құрманбаева және Әнел Сыдықова ("Iron Moms KZ" - "Темір аналар" командасы) экстремалды ультра-триатлонды сәтті аяқтады - деп хабарлайды "Enduroman Arch to Arc" Almaty Triathlon Federation баспасөз қызметі.
Отандастарымыз Лондондағы Мәрмәр аркасынан бастап, Париждегі Триумфалды аркаға дейін 480 шақырым қашықтықты бағындырды. Олар ел спорты тарихында алғаш рет Ла-Манш каналын жүзіп өтті.
Олар Лондоннан Дуврға дейінгі 140 шақырымды жүгіріп, Ла-Манш (ағылшын каналы) арқылы 36 шақырымды жүзіп, Парижге дейінгі 290 шақырымды велосипедпен жүріп өтті.
Команда 480 шақырымды 56 сағат 11 минутта жүріп өтті.