Ресейлік экс-әлем чемпионы, "қара жолбарыс" деген лақап атпен танымал Расул Мирзаев пен кәсіби панкратионнан қазіргі әлем чемпионы қазақстандық Ержан Естанов арасындағы кездесу 31 наурыз күні ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир аясында өтетін болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Расулды біздің сарбазға қарсы шығару - біздің бастамамызбен болды. Расулдың промоутері Камил Гаджиев те ұсынысымызды қуана қарсы алды. Жекпе-жекке билеттер 1 наурыздан бастап сатыла бастайды. Біз осы кеште көрермендердің үлкен легін көреміз деген үмітімізді жасырмаймыз",-дейді жекпе-жекті ұйымдастырушылардың бірі.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар турнирді белгілі ринг жүргізушісі Александр Загорскийге сеніп тапсырғанын да айта кетті.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: profc.com.ua