Қазақстандық әлем чемпионы жартылай финалда қарсыласына бет қаратпады

Manas Корреспондент
Manas >
Қазақстандық әлем чемпионы жартылай финалда қарсыласына бет қаратпады
Фото ©️ IG/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогінің" финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

51 келіде өнер көрсететін Бибосыновтың жартылай финалдағы қарсыласы жапониялық Соуши Макино болды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті сөзсіз Сәкенге берді. 

Осылайша, қазақстандық боксшы алтынға таласады, ал Макино турнирдің қола жүлдегері атанды. 

Бибосынов 2021 жылғы әлем чемпионы, Олимпиаданың қола жүлдегері және Азияның екі дүркін жүлдегері екенін айта кетейік.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз