Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың (20-1, 15 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БӨЛІСУ
BoxRec.com мәліметінше, Ахмедов 23 мамыр АҚШ-тың Детройт қаласындағы бокс кешіне қатысады. Қарсылас Коста-Рика атынан өнер көрсететін, Demoledor ("қиратушы") лақап атты никарагуалық Энкарнасион Диас (18-4, 11 КО). Супеорта салмақ лимитіндегі жекпе-жек он раундқа есептелген.
Ахмедов кейінгі рет 27 сәуір Алматыдағы "IBA чемпиондары түнінде" жұдырықтасып, венесуэлалық Карлос Ривероны (26-4-1, 15 КО) нокаутпен жеңген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!