Қазақстандық 8 жас спортшы ХОК стипендиясын алады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық 8 жас спортшы ХОК стипендиясын алады
Фото ©️ olympic.kz

Халықаралық Олимпиадалық комитеті 6-18 қазан күндері Буэнос-Айресте (Аргентина) өтетін үшінші Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын қазақстандық сегіз спортшыға стипендия тағайындады. Бұл туралы Ұлттық комитеттің ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Анастасия Резванцева, Диана Назарова, Кирилл Шацков, Ален Охотинский (төртеуі де жүзу спортынан), Елдар Иманқұлов (ату), Тамила Муридова (семсерлесу), Нилуфар Раимова (әйелдер күресі), Әлихан Мұстафиндер (садақ ату) Буэнос-Айрестегі Олимпиадаға дайындалуға кететін шығындарды жабуға арналған ХОК-тың арнайы стипендияларына ие болды.

- ХОК-тің «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасымен бірлесе жұмыс істеу Қазақстан ҰОК-тің негізгі халықаралық бағыттарының бірі. Ағымдағы жылдың маусым айында ҰОК Аргентинадағы Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алған спортшыларды қолдау мақсатында стипендия тағайындау туралы өтінімді ХОК-ке жолдаған болатын. ХОК кандидаттарды халықаралық спорт федерацияларымен бірлесе отырып таңдады. Спортшыларды таңдау барысында гендерлік теңдік, спорттық әлеует пен жетістіктер басты назарға алынды, - дейді ҰОК Халықаралық қатынастар Департаментінің директоры Әлімжан Ақаев.

Айта кетейік, бүгінге дейін қазақстандық 36 жас атлет спорттың 11 түрі бойынша Жасөспірімдер Олимпиадасына 27 лицензия жеңіп алды. Іріктеу кезеңдері әлі де жалғасуда. Одан бөлек, 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасына дайындық жүргізіліп жатыр.