Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға заңды түрде тыйым салуды, сондай-ақ, акциз енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов айтты.
"Негізгі даудың себебі бұларға (жылытылған темекі қосылған өнімдерге. - ескерту) салынған салық. Білесіз бе, осы уақытқа дейін Қазақстанда электрон темекіге ешқандай салық салынбаған. ДДСҰ мәліметінше, бұл темекілер әсер ету, құрамындағы никотин және басқа да көрсеткіштері жағынан кәдімгі темекі сияқты. Сондықтан, депутаттар акциз салу туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар, Қазақстанда темекі қоспасы бар электрон құрылғылар деп аталатын вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын Денсаулық сақтау кодексіне өзгертулер енгізу туралы шешім қабылданды. Оларды Қазақстанда сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады. Сондықтан біз Салық кодексінен бұл ұғымдарды алып тастадық", - деп түсіндірді ол Мәжіліс отырысында.