Қазақстанда ойнаған футболшы Чемпиондар лигасында гол соқты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстанда ойнаған футболшы Чемпиондар лигасында гол соқты
Фото ©️ skslovan.com

Қазақстанда "Қайсар" және "Астана" клубтарында ойнаған армян футболшысы Тигран Барсегян Чемпиондар лигасында "Милан" қақпасына гол соқты, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Братиславаның "Слован" командасында ойнайтын футболшы кеше "Миланға" қарсы матчтың 24-минутында гол соқты. Сондай-ақ 88-минутта нәтижелі пас берді. Алайда команда италиялық клубтан ұпай еншілей алмады. 

"Милан" 3:2 есебімен жеңіске жетіп, 3 ұпайды еншілеп қайтты. 

Opta Sports ақпараты бойынша Тигран Барсегян Чемпиондар лигасында гол соққан екінші армян футболшысы. Бұған дейін Генрих Мхитарян (7 гол) гол соққан. 

"Слован" Чемпиондар лигасында әзірге бірде-бір ұпайы жоқ команда. Келесі турда Мадридтің "Атлетико" командасымен ойнайды. "Милан" 9 ұпаймен 14-орында келеді. Келесі ойынын өз алаңында "Црвена Звездаға" қарсы өткізеді.

Айта кетейік, Тигран Барсегян - 2019 жылы Қызылорданың "Қайсар" клубында, 2020-2021 жылдары "Астана" сапында доп тепкен.