Қазақстанда жаңа кәсіби велокоманда құрылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстанда жаңа кәсіби велокоманда құрылды
Фото ©️ tinkoffsaxo.com

Елімізде «SevenRivers» (Жетісу) деп аталатын жаңа кәсіби ерлер велокомандасы құрылып, құрлықтық додаларға қатысатын UCI (Халықаралық велоспорт федерациясы) лицензиясына ие болды. Бұл туралы Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Жаңа команданың бас менеджері Болат Райымбеков болса, спорттық директоры қызметін Қайрат Байгудинов атқарады. Ал клуб құрамына кәсіби лицензиясы бар 10 велошабандоз еніп отыр. Олар: Ғалым Ахметов, Павел Гацкий, Антон Кузьмин, Нұрболат Құлымбетов, Юрий Натаров, Матвей Никитин, Никита Панасенко, Роман Семенов, Сергей Шемякин және Григорий Штейн.

- Жаңа кәсіби «Seven Rivers» велокомандасы – біздің федерацияның үлкен жетістіктерінің бірі. Енді қазақстандық велошабандоздарға құрлықтық ірі додаларда бақ сынауға жол ашылып тұр. Өздерін тамаша қырымен танытып, әлемдік рейтингте ұпай жинауларына зор мүмкіндік бар, - деді Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Райымбек Баталов.

Құрлықтық жарыстар UCI (Халықаралық велоспорт федерациясы) ұйымдастыруымен 2004 жылдан бері өтіп келеді. Үздік велошабандоздардың рейтингі түзіліп, жаңартылып отырады. Құрлықтық жарыстар велошабандоздарға Олимпиада лицензиясын иеленуге де мүмкіндік сыйлап келеді.