Қазақстанда допинг қолданғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстанда допинг қолданғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды
Фото ©️ tengrinews.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі допинг қолданғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Бұл туралы ведомствоның вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

- Біз қазір парламентте дене шынықтыру бойынша заңға өзгеріс енгізгіміз келеді. Допинг қолданудың жазасын қылмыстық жауапкершілікпен байланыстырсақ дейміз. Жаза спортшыға, бапкерге, дәрігерге, осы препараттарды жеткізген адамдарға қарастырылады. Өздеріңіз түсініп отырсыздар, жарияланған препараттар өте қауіпті. "WADA" 10 мыңға жуық препаратты жария етті, оны спортшылардың қолдануына тыйым салынған. Сондықтан спортшының айналасындағы адамдар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сот кімді айыпты деп таныса, сол жазаланады", - деді Сәкен Мұсайбеков.

Оның айтуынша, Қазақстанда бұл өзгерістер Италия мен Германияның тәжірибесі арқылы енгізілмек екен.

- Бұл елдерде жазалау мерзімі өте көп - 10 жылға дейін бар. 10 жылды спортшыларға осындай препараттарды жеткізіп беретіндерге, ал бес жыл жазаны ол жақта спортшыға тыйым салынған затты берген адамға, ал спортшының өзіне 1 жылдан 2 жылға дейін жаза тағайындалады немесе қыруар сомада айыппұл төлетеді. Сегіз жыл өтсе де, біз ешқандай да тергеу жүргізе алмай жатырмыз, барлық допинг-сынамалар WADA-ның Лозаннадағы зертханасында сақталады. ХОК-тың ережесі бойынша, Олимпиада ойындарында алынған допинг сынамалары 10 жыл сақталады және оны бізге айтпай-ақ, өздері қалаған уақытта аша алады, - деді ол.

Осыған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті әлемнің 77 спортшысын Олимпиада медалінен айырған болатын.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар алған сыйақыларын кері қайтармайды. Бұл туралы да вице-министр Сәкен Мұсайбеков айта кетті

Дереккөз: tengrinews.kz