Қазақстанда ауа сапасы нашар өңірлер анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Гүлнара Досымшалова>
Қазақстанда ауа сапасы нашар өңірлер анықталды

Еліміздің 10 өңірінде ауа сапасы нашар. Ол туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

БӨЛІСУ

Телеарна мәліметінше, ауаның ластануына себепші 16 ірі кәсіпорын бар. Вице-министрдің айтуынша, аталған компаниялар өз қаражаттары есебінен зиянды қалдықтар мөлшерін 20-30 пайызға дейін азайтуға міндеттелген.

"Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалаларында ауаның ластану деңгейі өте жоғары. Оған негізгі 3 фактор әсер етеді. Мысалы, Нұр-Сұлтан мен Алматыда жылыту электростанциялары, Теміртау мен Өскеменде өнеркәсіп, батыс өңірлерде ескірген кәріз жүйелері экологияға ірі көлемде зиян келтіреді", -  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова.