Қазақстан-Түркия құрамаларының құрамы белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан-Түркия құрамаларының құрамы белгілі болды
Фото ©️ vk.com

Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Түркия құрамаларының бірінші минуттан алаңға шығатын футболшылары белгілі болды.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы сапынан Стас Покатилов, Юрий Логвиненко, Ренат Абдулин, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Марк Гурман, Самат Смақов, Генрих Шмидтгаль, Бауыржан Исламхан, Ұлан Қонысбаев және Сергей Хижниченко негізгі құрамда шығады.

Түркия құрамасы сапынан Волкан Бабаджан, Семих Кайя, Хакан Балта, Сердар Азиз, Гокхан Гонюл, Озан Туфан, Хакан Чалханоглу, Сельчук Инан, Арда Туран, Мехмет Топал және Бурак Йылмаз бірінші минуттан шығады.

Қазір құрамалар ойын алдындағы соңғы дайындықтарын шыңдауда.