Қазақстан-Түркия кездесуінің билеттері сатылымға шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан-Түркия кездесуінің билеттері сатылымға шықты
Фото ©️ kff.kz

Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары кезеңіндегі Қазақстан мен Түркия арасындағы Алматыда өтетін ойынның билеттері сатылымға шықты. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Алматыдағы орталық стадион кассаларында сатылып жатқан билеттер бағасы 1000 теңге мен 4000 теңге аралығында. Ал VIP орындарға арналған билеттердің құны 5000-7000 теңгеден сатылуда. Кассалар сағат 11:00-ден бастап 19:00-ге дейін демалыссыз жұмыс жасауда.

Айта кетейік, Қазақстан мен Түркия арасындағы кездесу 12 маусым күні Алматының орталық стадионында өтеді. Астана уақытымен кешкі сағат 22:00-де басталады. 

"А" тобы. Турнир кестесі

Орын  Ұлттық құрама Ойын Жеңіс Тең нәтиже Жеңіліс Доптар Ұпайлар
1  Чехия 5 4 1 0 11-6 13
2  Исландия 5 4 0 1 12-2 12
3  Нидерланды 5 2 1 2 11-6 7
4  Түркия 5 1 2 2 6-8 5
5  Латвия 5 0 3 2 2-11 3
6  Қазақстан 5 0 1 4 4-13 1