Алматының орталық стадионында өтетін Қазақстан-Түркия арасындағы кездесуге бір жарым мың түрік жанкүйері келеді.
Қазақстан Футбол федерациясының мәліметі бойынша, 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында өтетін кездесуді көруге бір жарым мың түрік жанкүйері ниет білдірген.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан-Түрки арасындағы ойын 12 маусым күні өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Айта кетесек, 12 мамыр күні Қазақстан құрамасы Алматының Орталық стадионында Фуркина-Фасо құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 0-0 есебімен тең түскен болатын. Енді ел құрамасы Кабо-Верде құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Кездесу 16 маусым күні Алматының орталық стадионында өтуі мүмкін.