Қазақстан теннисшілері сүрінді

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Қазақстан теннисшілері сүрінді

Теннистен Қазақстанның әйелдер құрама командасы Астана қаласында өткен Федерация Кубогы жолындағы сында Азия және Мұхит елдері аймағының финалдық кезеңіне жетпей сүрінді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Таиланд елінің қыздарымыз кездескен отандастарымыз жекелей сындағы екі матчта тең есепті тіркеді. Осыдан кейін Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев жұптасып өнер көрсетуге еліміздің үздік теннисшілері Галина Воскобоева мен Ярослава Шведованы шақырған еді. Ал қарсы командадан да бірінші нөмірлі Луксика Кумкхум мен тәжірибелі Тамарин Танасугарн кордта шықты.   

Бірінші сеттің өзінде есеп 1:1 болып тұрғанда, қазақстандықтар Ярослава Шведова бастаған ойынды қарсыластарын беріп қойды. Алайда екінші сетте отандастарымыз геймдегі есепті теңестіріп кетті. Бірақ келесі ойында да қазақстандықтар өз соққсысын жасай алмай, нәтижесінде таиландықтар есепті 3:4-ке жеткізді.  

Сеттің соңына дейін қазақстандықтар қарсыластарының бірде бір геймін өз еншілеріне жаза алмай, 4:6 есебімен алғашқы партияны Таиланд теннисшілеріне беріп қойды. Екінші сетте тайлық теннисшілер бірден екі брейк жасап, өз ойындарын да сақтап қалды: 1:2. Осыдан кейін Танасугарн медициналық көмек алып, біраз үзіліс жасап алды. Азғантай үзіліс уақыты қазақтандықтар пайдасына ойнады. Олар 2:2 есебін тіркеп, геймді теңестіріп кетті. 

Одан соң Шведова өз соққысын пайдасына жаратып, команданы алға шығарды: 3:2. Кейін есеп 5:3-ге дейін жеткен еді. Алайда біздің теннисші қыздар өз басымдықтарын сақтап қала алмай, үш сетті қатар таиландтықтарға беріп қойды. Осылайша тай-брейкте кездескен екі команда ойынында 3:7 есебімен оңтүстік шығыс Азия мемлекетінің мерейі үстем болды. 

Естеріңізге сала кетсек, Федерация Кубогының Азия және Мұхит елдері аймағы үшін әлемдік топқа тек бір жолдама берілген. Егер қазақстандықтар Таиланд құрамасынан айласын асырған жағдайда, финалдық кездесуде Өзбекстан қыздарымен жолдаманы сарапқа салар еді. Ал өзбек қыздары қатарынан Қытай, Оңтүстік Корея және Қытайлық Тайпейді ұтып, ақырғы кездесуге шығып қойды. Біздің қыздар осыған дейін Индонезия құрамасын 3:0 есебімен ұтып кеткен болатын. Ендігі ақырғы ойын ертең Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: lyakhov.kz