Қазақстан Суперкубогын "Ақтөбе" иеленді!

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан Суперкубогын "Ақтөбе" иеленді!

«Астана-Арена» стадионында Қазақстан Суперкубогын сарапқа салған «Ақтөбе» мен «Шахтер» командасы кездесулері аяқталды. Маусымның шымылдығын түрген ойында "Ақтөбе"  командасы жеңімпаз атанды.

БӨЛІСУ


Кездесуге қос ұжым да осы маусымда өнер көрсететін жаңа жейделерімен шықты. Ал ойын тартысы "Brazuca" добымен  Алғашқы минуттарда ақтөбелік команданың легионері Данило Неконың есеп ашуға тамаша мүмкіндігі болған. Алайда пайдалана алмады. Алма-кезек шабуыл болмаса да, қорғанысты басты назарда ұстаумен жүрген футболшылар өз кезегінде аянып қалмады. 41 минутта Владимир Никитенко шәкірттері қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Соңғы сәтте Александр Гейнрихтың бағыттаған соққысын Александр Мокин қайтарып, қақпа бағанынан қайтты. Осылайша алғашқы таймда есеп ашылмады.

Екінші таймды "кеншілер" ұжымы өткір шабуылдарымен бастады. Бұрыштамадан көтерілген допты Яго Фернандес қақпаға баспен бағыттағап, аздап дәлдік таныта алмады. Роман Мұртазаев та өз кезегінде қақпаны қарсыластың айып алаңында дәл көздей алмады. Ойыншылар да ойын тәртібін бұзумен көзге түсе бастады. 67 минутта Виктор Кумыков командасы қорғаушылары өрескел қателік жасап, нәтижесінде бразилиялық шабуылшы Данило Неко есеп ашты. Осылайша маусымның алғашқы голын ресейлік "Аланиядан" ауысып келген футболшы соқты. 72 минутта батысқазақстандық команданың өзбекстандық легионері Гейнрих жеке басы шеберлігімен көзге түскенімен, есепті еселей алмады. Владимир Никитенко командасы алға шыққаннан кейін, кездесуді толыққанды қолға ала бастады. 87 минутта Мақсат Байжановтың қателігі екінші доптың өз қақпаларында тулауына жағдай жасап берген-ді. Бірақ Гейнрих ойын тағдырын түбегейлі шешуге асықпады.

Осылайша "Ақтөбе командасы үшінші рет ел Суперкубогын иеленсе, "Шахтер" командасы төртінші рет қатарынан финалда сүрініп отыр. 

Ақтық сынға шыққан "кеншілер" ұжымын Михаил Гурман марапаттаса, жеңімпаздарды Қазақстан Республикасы футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков мараппаттады.

Марапаттау сәтіндегі үлкен аркада "Қазақстан Республикасы Супепкубогы - 2014" деген қате жазуды да көзіміз шалды.


«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Мирошниченко, Хайруллин, Неко, Арзуманян, Коробкин, Логвиненко, Гейнрих, Кападзе

Қосалқы құрам: Нарзикулов, Харабара, Пиззелли, Дяденко, Тағыберген, Шабалин, Әймбетов

«Шахтер»: Мокин, Симчевич, Малый, Василевич, Порываев, Қонысбаев, Байжанов, Фернандес, Финонченко, Мұртазаев, Топчагич

Қосалқы құрам: Покатилов, Вичюс, Саломов, Мурзоев, Тарасов, Лунин, Жаңғылышбай. 

Төреші: Руслан Дүзмамбетов

Кездесудегі статистика:

Доп ұстау басымдығы: 58% — 42%
Қақпаға соққылар: 18 — 13
қақпаға дәл соққылар: 10 — 6
Ереже бұзу: 10 — 20
Қақпа бағаны мен маңдайшасы: 1 — 0
Офсайдтар: 3 — 4
Бұрыштама: 4 — 8
Сары қағаздар: 2 — 3
Ойыншы алмасулар: 3 — 3.  

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz, sports.kz