Шайбалы хоккейден Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтыншы кездесуінде де жеңіліс тапты. Нәтижесінде келер жылы жерлестеріміз элиталық дивизионда өнер көрсете алмайтын болды.
Қазақстан мен Швейцария құрамалары «В» тобының аутсайдерлері саналған болатын. Бүгін Ари-Пекка Селин шәкірттерін жеңген швейцариялық жігіттер қоржынына 4 ұпай түсті.
Бірінші кезеңде швейцариялықтардың қатарынан Дин Кукан мен Денис Холленштайн көзге түсті. Кезең аяқталысымен қақпашы Алексей Ивановты Виталий Еремеев алмастырды. Бірақ, бірінші кезеңдегі нәтиже тағы тіркелді. Бұл жолы Янник Вебер мен Андрес Амбиль бір-бір шайбадан еншілеріне жазды. Үшінші кезеңде 2:2 есебі тіркелді. Қонақтар қатарынан Луки Кунти мен Эрик Блум мүмкіндіктерін пайдаланса, жерлестеріміздің қатарынан Вадим Краснослободцев пен Евгений Рымарев есепті қысқартты. Енді Қазақстан құрамасы 19 мамыр күні Финляндиямен кездесетін болады.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz