5 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстан ардагерлер құрамасы неміс футболының ардагер футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді. Кездесу қазақ футболының 100 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Германия ардагерлер құрамасының сапында Оливер Нойвилль, Йенс Новотны, Томас Долль, Штефан Байнлих, Марти Макс сынды бір кездердегі неміс футболының жұлдыздары алаңға шығады.
Ал Қазақстан намысын Сейльда Байшақов, Михаил Гурман, Виктор Катков, Александр Мазманьян, Вахид Масудов, Владимир Нидергаус, Руслан Балтиев бастаған ардагер футболшылар қорғайды.
Кездесу сағат 17.00-де басталады. Кіру тегін. Ұлттық құрамамызға жанкүйер болайық!
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com