Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Франкфурт» клубына ауысты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Франкфурт» клубына ауысты
Фото ©️ fsv-frankfurt.de

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Генрих Шмидтгаль Германияның екінші деңгейлі бундеслигасындағы «Франуфурт» клубына алмасты. Ол осыған дейін Дюссельдорфтың «Фортуна» клубында ойнап келген болатын.

БӨЛІСУ

«Фортуна» клубының ресми сайты таратқан ақпарат бойынша, Генрих Шмидтгаль алдағы екі жылда осы клубтың намысын қорғайтын болады. Қазіргі таңда команда басшылығының қазақстандық ойыншыны қатарларына қосқанына көңілдері толып отыр.

- Генрих секілді тәжірибелі ойыншы біздің қорғанысымызға ауадай қажет еді. Оның ойында көшбасшылық қасиеті бар. Біз оны қорғаушы ғана емес, шабуыл шебіне көмектесетін вингер ретінде де ойнауға ұсыныс жасайтын боламыз, - деді клубтың бас бапкері Томас Орал.

Ал Генрих Шмидтгальдың өзі де жаңа клубқа ауысқанына көңілі толып, алдағы маусымды асыға күтетінін мәлімдеді.

- Мені «Франкфурт» клубы қатарларына шақырғанына қуаныштымын. Өткен маусым жарақатыма байланысты аса жемісті бола қойған жоқ. Енді клубтағы алғашқы ойынымды асыға күтетін боламын, - деді футболшы.

Айта кетейік, Генрих Шмидтгаль Алматы облысында дүниеге келген. Кейіннен отбасымен Германияға қоныс аударған. Спорттық мансабын «Ферль» клубынан бастаған. Одан кейін «Бохум ІІ», «Рот-Вайсс», «Гройтер Фюрт» және «Фортуна Дюссельдорф» клубтарында өнер көрсетті. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 12 ойынға қатысып, 1 гол соқты.