Қазақстан құрамасының жаңа капитаны қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Manas Корреспондент
Manas >
Қазақстан құрамасының жаңа капитаны қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Фото ©️ GOV.KZ

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны Айбек Оралбай Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Әбдәлдиевті еске алуға арналған турнирде жекпе-жек өткізді. 

БӨЛІСУ

92 келіден аса салмақтағы 1/8 финалда Айбектің қарсыласы украиналық Кирилл Стоянцев болды. Бұл кездесуде қазақ боксшы бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Енді Айбек 2 қазанда өтетін 1/4 финалда түркиялық Айдемир Угурмен жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Айбек Париж Олимпиадасынан кейін салмақ категориясын ауыстырды, бұған дейін ол 92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан. 

Сонымен қоса, ол Асыланбек Шымбергеновтің орнына бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болды.