Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 10 маусым күні Алматының Орталық стадионында 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Дания құрамасын қабылдайды. Бүгін бас жаттықтырушы Александр Бородюк бастаған жаттықтырушылар қосыны Даниямен өтетін ойынға келесі футболшыларды оқу-жаттығу жиынына шақырды.Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.
Қақпашылар: Марсель Исламқұлов («Қайсар»), Владимир Плотников («Қайрат»), Давид Лория («Ертіс»);
Қорғаушылар: Дмитрий Шомко («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Елдос Ахметов («Қайрат»), Ян Вороговский («Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Григорий Сартаков («Тобыл»);
Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Георгий Жуков («Қайрат»), Исламбек Қуат («Қайрат»), Серікжан Мужиков («Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Мақсат Байжанов («Қайсар»), Максим Федин («Оқжетпес»), Дидар Жалмұқан («Астана»);
Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Ордабасы»), Роман Муртазаев («Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Қайрат»), Алексей Щеткин («Тобыл»);
Негізгі құрамның ойыншылары жарақат алып қалған жағдайда қосалқы құрамның ойыншылары шақырту алуы мүмкін: Аслан Дарабаев («Ертіс»), Виктор Дмитренко («Тобыл»), Асхат Тағыберген («Тобыл»), Александр Мокин («Астана»).
Қазақстан құрамасының футболшылары Премьер-Лиганың 15-туры аяқталғаннан кейін, 4 маусым күні Талғардағы ұлттық құраманың базасында оқу-жаттығу жиынына жиналады.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы матч 10 маусым күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.