Қазақстан құрамасын жолдастық ойындарға жаңа бапкер алып бармайды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан құрамасын жолдастық ойындарға жаңа бапкер алып бармайды
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армения және Әзербайжанға қарсы өтетін жолдастық матчтарға дайындығын бастап кетті. Оқу-жаттығу жиыны Алматы қаласының Орталық стадионында өтіп жатыр.

БӨЛІСУ

Алдағы ойындарға команданы бас бапкердің көмекшісі Руслан Балтиев дайындайды. Станислав Черчесов бастаған жаңа бапкерлер штабы жолдастық матчтар аяқталған соң жұмысына кіріседі.

Бұған қоса, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өзгеріс болды. Тізе жарақатын алған Әділхан Добайдың орнына «Елімайдың» ойыншысы Михаил Габышев шақырту алды.

Сондай-ақ команда құрамынан Ислам Чесноков (аяқ жарақаты), Александр Зуев пен Бекхан Шайзада (екеуінде де ЖРВИ) кетті. ОЖЖ барысында үшінші қақпашы ретінде Данил Устименко жаттығады. Ал шабуылшы Иван Свиридов Грузия U-21 құрамасымен жолдастық матч өткізетін Қазақстан U-21 құрамасының сапына қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда екі жолдастық матч өткізеді. 7 маусымда ұлттық құрама Армениямен кездеседі. Ойын Ереван қаласындағы В.Саркисян атындағы Республикалық стадионда өтеді. Басталуы Астана уақытымен 21:00-де.

Төрт күннен кейін біздің құрама Әзербайжанға қарсы матч өткізу үшін Венгрияға жолға шығады. Ойын Сомбатхей қаласында «Халадаш» стадионында өтеді деп жоспарланған. Басталуы Астана уақытымен 21:00-де.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!