Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы ойынын аяқтады. Топтағы соңғы ойында Норвегиядан 5:0 есебімен ұтылды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
Ослода өткен ойында норвегтер айқын басымдықпен жеңіске жетті. Матчта Эрлинг Холанд хет-трик жасаса, Сорлот пен Нуса бір-бір голдан еншісіне жазды.
Станислав Черчесов жаттықтыратын ұлттық құрама топтық кезеңдегі 6 ойында бірде-бір гол соқпады. Өз қақпаларына 15 гол өткізді. Бар болғаны 1 ұпай жинап, С дивизионына төмендеді.
В тобындағы үшінші топта бірінші орынды 13 ұпай жинаған Норвегия құрамасы иеленді. 11 ұпай жинаған Аустрия екеуі А дивизионына жолдама алды.